Астана Халықаралық университетіне Варшава университетінің делегациясы ресми сапармен келді















2026 жылдың 2 шілдесі күні Астана Халықаралық университетіне Польшаның Варшава университетінен ресми іссапармен делегация келді. Кездесуге шетелдік қонақтар ретінде Варшава университетінің жетекші профессорлары мен зерттеушілері, сондай-ақ Израильдің Бен-Гурион атындағы университетінің профессоры қатысты. Университет басшылығымен өткен келісім барысында тараптар халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуды, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруды, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейтуді қарастырды. Бұдан бөлек, қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске қосу мүмкіндіктері талқыланды.
Шетелдік ғалымдар мен зерттеушілердің бұл іссапары тек академиялық серіктестікті нығайтумен шектелмейді. Өйткені, олар биологиялық әртүрлілікті зерттеуге, өсімдіктердің сирек кездесетін және эндемикалық түрлеріне мониторинг жүргізуге арнайы геоэкологиялық зерттеулер жасауға бағытталған ғылыми жоба аясында арнайы экспедициямен келді. Кездесу соңында тараптар білім мен ғылымды және халықаралық ықпалдастықты дамытуға арналған жаңа жоспарларды жүзеге асыруға ниет білдірді. Сондай-ақ өзара серіктестік қатынасты нығайтуға мүдделі екендерін атап өтіп, бірегей бастамалар талқыланды.
Бөлісу:
Фотогалерея







