Білімнен – тәжірибеге: болашақ гидрологтардың кәсіби дағдылары қалыптасуда












«Су ресурстары және гидрология» білім беру бағдарламасыныңстуденттері «Қазгидромет» РМК Гидрометорталығы мен Гидрология департаментінде заманауи гидрология саласының жұмысымен танысып, кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған маңызды тәжірибе жинақтады.
Студенттер гидрометеорологиялық деректерді жинау, өңдеу жәнеталдау, су объектілерінің жай-күйін бақылау, гидрологиялық өлшеуқұралдарымен жұмыс істеу, су деңгейі, ағыс жылдамдығы мен су шығынынанықтау әдістерін меңгерді. Сондай-ақ мониторинг жүйелері, цифрлықкарталар және арнайы бағдарламалық кешендердің жұмыс істеу қағидаларынзерттеді.
Бүгінде су ресурстарын тиімді басқару, климаттың өзгеруі жағдайындақауіп-қатерлерді бағалау және табиғи апаттардың алдын алу мәселелеріерекше өзекті. Сондықтан осындай тәжірибелік дағдылар студенттердіңкәсіби дайындығын күшейтіп қана қоймай, оларды еңбек нарығындасұранысқа ие, білікті әрі бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптастыруғаықпал етеді.
Теорияны тәжірибемен ұштастыра отырып, студенттер өздерініңболашақ кәсіби қызметіне қажетті заманауи білім мен практикалықмашықтарды игеріп, гидрология саласындағы инновациялықтехнологияларды қолдану қабілеттерін арттырды.
«Қазгидромет» РМК мамандарына кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің салалық құзыреттерін дамытуға қосқан үлесі үшіналғысымызды білдіреміз!
Бөлісу:
Фотогалерея






