AIU-ДА «AIU 2026 – ЕЛОРДА ЖҮРЕГІНДЕ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

2026 жылғы 5–15 шілде аралығында Астана халықаралық университетінде «AIU
2026 – Елорда жүрегінде» халықаралық жазғы мектебі өз жұмысын бастайды. Бағдарлама
халықаралық ынтымақтастықты, академиялық алмасуды және мәдениетаралық диалогты
дамытуға бағытталған білім беру, мәдени және зерттеу іс-шараларына қатысу үшін
шетелдік серіктес университеттердің студенттері мен оқытушыларын біріктіреді.
Он күн бойы қатысушыларды Қазақстанның инновациялық дамуы, білім берудегі
көшбасшылық, қазақ тілі мен мәдениеті, ұлттық спорт түрлері бойынша дәрістер мен
шеберлік сабақтарын, сондай-ақ бірлескен халықаралық жобалармен жұмыс істеуді
қамтитын мазмұнды бағдарлама күтеді. Зерттеушілік және кәсіпкерлік құзыреттерді
дамытуға, командалық жұмысқа және түрлі елдердің өкілдері арасындағы үздік
тәжірибелер алмасуға ерекше назар аударылады.
Білім беру бағдарламасынан бөлек, қатысушылар Астана қаласы бойынша
экскурсиялар, музейлерге, этномәдени нысандарға және табиғи көрікті орындарға бару
арқылы Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен және көрнекті жерлерімен танысады.
Жазғы мектеп бірлескен жобаларды қорғаумен, жасанды интеллект пен кәсіпкерлік
мәселелеріне арналған дөңгелек үстелмен, сондай-ақ сертификаттарды салтанатты түрде
табыстау рәсімімен аяқталады. Бұл AIU халықаралық білім беру жобасының жарқын
қорытындысы болмақ.
Бөлісу:



