«Биология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) республикалық конкурсының II кезеңінің қорытындылары (2026 жыл)

Астана халықаралық университетінде 6В051 «Биологиялық және сабақтас ғылымдар» даярлау бағыты бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) республикалық конкурсының II кезеңінің қорытындылары шығарылды.
2026 жылы конкурсқа 14 жоғары оқу орнынан 26 ғылыми-зерттеу жұмысы ұсынылды.
Конкурстық комиссияның шешімі бойынша үздік студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломдарымен марапатталды.
I дәрежелі дипломмен 1 жұмыс марапатталды:
Қалдарбек Ақмейір – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 4 курс студенті, 6В05101 – Биология білім беру бағдарламасы.
Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Ұлттық ашыған сүт өнімдерінің микрофлорасы негізінде пробиотикалық қасиеті бар биоқұрамаларды әзірлеу».
Ғылыми жетекшілері: биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сартаева А.А.; ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор Байташева Г.У.
II дәрежелі дипломмен 2 жұмыс марапатталды:
Курал Виктория – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің 4 курс студенті, 6В05110 – Биология білім беру бағдарламасы.
Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Түркістан облысындағы сүттің бактериялық ластануын анықтау».
Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент Мусабеков А.Т.
Тоқтағазина Нұрай – Астана халықаралық университетінің 4 курс студенті, 6В05101 – Биология білім беру бағдарламасы.
Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Қазақстан аймақтарындағы жатыр мойны обырының эпидемиологиялық және биологиялық аспектілері».
Ғылыми жетекшісі: PhD, қауымдастырылған профессор Шарипова М.Ж.
III дәрежелі дипломмен 3 жұмыс марапатталды:
Арын Назерке – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 2 курс студенті, 6В05103 – Биология білім беру бағдарламасы.
Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Жерсіндіру жағдайындағы дәрілік өсімдіктердің экологиялық-биологиялық ерекшеліктері, өсуі мен дамуы».
Ғылыми жетекшісі: PhD, қауымдастырылған профессор Избастина К.С.
Дәуітбай Айзере – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті, 6В05102 – Биология білім беру бағдарламасы.
Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Сырдария өзені аңғарының флорасы және оның экологиялық сипаттамасы».
Ғылыми жетекшісі: биология ғылымдарының кандидаты, профессор Инелова З.А.
Кондратьева Анастасия – «Торайғыров университеті» КЕАҚ-ның 2 курс студенті, 6В05101 – Биология білім беру бағдарламасы.
Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Сравнительный анализ биолого-морфологических показателей Stevia rebaudiana при использовании различных регуляторов роста».
Ғылыми жетекшілері: биология ғылымдарының кандидаты, профессор Калиева А.Б.; биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нургожин Р.Ж.
Жеңімпаздарды және олардың ғылыми жетекшілерін лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Конкурсқа қатысу студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға, зерттеушілік құзыреттерін қалыптастыруға және дарынды жастарды қолдауға ықпал етеді. Ғылыми қызметте алдағы уақытта да табыстарға жетіп, жаңа жетістіктерге қол жеткізулеріңізге, кәсіби тұрғыдан өсіп-өркендеулеріңізге және перспективалы ғылыми жобаларды табысты жүзеге асыруларыңызға тілектеспіз.
Бөлісу:



