Университетте өрт қауіпсіздігі бойынша лекция өтті















2025 жылы әлемдік өрт апаты рекордтық деңгейге жетті. Бір ғана Лос-Анджелестегі «отты дауыл» 60 миллиард доллар шығын әкелген. Өткен жылы әлемде өрт апаты мен оның салдарынан 100 миллион адам зардап шекті.
Ал оқу орындарындағы өрттердің 70%-ы техникалық ақаулық пен оны дұрыс қолдана алмаудан болады екен.
Сол себепті 2026 жылдың 23 қаңтарында университетімізде лекция ұйымдастырылды. Спикерлер ретінде «ОБЖ» ЖШС сарапшылары:
● Мейрам Жұмабекұлы — ұйым директоры;
● Руслан Құлмағамбетов — компания инженері шақырылды.
Кездесудің негізгі тақырыптары:
● Антитеррорлық қорғаныс. Мейрам Жұмабекұлы қауіп кезіндегі іс-қимыл алгоритмін толық түсіндіріп, күдікті жағдайларды анықтау жолдарын сипаттап берді. Сонымен қатар полиция қызметкерлерімен өзара қатынас жасау ережелерін жеткізді.
● Өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау. Инженер Руслан Құлмағамбетов өртсөндіргіштердің жұмысымен таныстырды. Онымен қоса өрт қауіпсіздігі нормаларын егжей-тегжейлі талдап берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар жеке жауапкершілікті арттырудың маңыздылығын түсінді. Апат кезінде жүйелі тәсіл көрсету төтенше жағдайлар қаупін азайтады.
Бөлісу:
Фотогалерея







