Тамырлы өсімдіктерді анатомиялық зерттеу жөніндегі ғылыми семинар

2025 жылғы 27 қараша күні Астана халықаралық университеті академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетімен бірлесе отырып «Тамырлы өсімдіктерді анатомиялық зерттеудің ерекшеліктері» атты ғылыми семинар өткізеді.
Іс-шара BR21882166 мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Бағдарлама Қазақстан өңірлерінің табиғи флорасындағы жеміс-жидек өсімдіктерін зерттеу мен сақтауға, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Семинар
жұмысына биология және ботаника саласындағы жетекші мамандар: Салтанат Ұшкемпірқызы Тлеукенова, Маргарита Юлаевна Ишмуратова,
Роза Тлетаевна Мусина қатысады.
Ғылыми семинар 2025 жылғы 27 қараша күні Астана халықаралық университетінің 207-аудиториясында өтеді. Басталуы - сағат 10:00-де, аяқталуы - сағат 14:00-де.
Бөлісу:



