РЕСЕЙ ҮКІМЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ГЕНЕЗИСІ: ШЫҒУ ТЕГІНЕН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА ДЕЙІН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ






Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Экономика және
бизнес факультетінің Салалық нарықтар кафедрасы 2025 жылдың 24 ақпаны мен 30
мамыры аралығында студенттердің, магистранттардың және аспиранттардың
«Кәсіпкерлік генезисі: шығу тегінен қазіргі заманға дейін» атты XI Халықаралық ғылыми
жұмыстар байқауын өткізді.
Байқаудың басты мақсаттары:
тұрақты даму, кәсіпкерлік және цифрлық технологиялар саласындағы кәсіби
дағдылар мен құзыреттерді дамытуға жәрдемдесу;
білімді практикалық қолдану және жобалық ойлауды дамыту үшін жағдай жасау;
білім алушылардың қазіргі әлемдегі экологиялық және экономикалық
трансформацияның маңыздылығын түсінуін қалыптастыру;
болашақ мансап немесе стартаптар үшін негіз бола алатын бастамаларды қолдау
және т.б.
Ғылыми жұмыстар байқауының қорытындысы бойынша Астана Халықаралық
университетінің Экономика Жоғары мектебінің білім алушылары жеңімпаз және жүлдегер
атанды:
1. Нұрсұлтанова Карина Рашитовна - Менеджмент ББ 1 курс докторанты. Ғылыми
жұмыстың тақырыбы: «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру құралы ретінде кәсіпорынды
басқару әдістерін талдау және жетілдіру», ғылыми жетекшісі э.ғ.д., профессор
Г.Т.Лесбаева;
2. Үмутканов Нұркелді Нұрдәулетұлы - Менеджмент ББ 1 курс магистранты. Ғылыми
жұмыстың тақырыбы: «Кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамытудағы жаһанданудың
рөлі», ғылыми жетекшісі PhD докторы, МУА қауымдастырылған профессоры Байбаш Г.К.
Жүлдегерлерді жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз және болашақта
табыстар мен жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз!
Бөлісу:
Фотогалерея




