2023 ж. 11 қар., сб, 02:32
Экономика жоғары мектебі «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне» арналған іс-шараларға қатысуға шақырады
БАҒДАРЛАМА
13.11.2023ж. сағ.14.00-16.00 «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі: қазіргі жағдайы және оның даму перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел. Өтетін орны: 1 корпус, Акт залы-213.
14.11.2023ж. сағ.12.00-14.00 «Қазақстан Республикасында цифрлық теңгенің енгізілуі: негізделген/негізсіз» тақырыбындағы пікірсайыс турнирі Өтетін орны: 1 корпус, Акт залы-213.
15.11.2023ж. сағ.10.00-12.00 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Орталық филиалының мұражайына экскурсия. Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21.
15.11.2023ж. сағ.14.00-15.00 «Теңге – тәуелсіздік тірегі!» тақырыбында қабырға газеті байқауы. Өтетін орны: 2 корпус, ЭЖМ деканаты-338 кабинет.
16.11.2023ж. сағ.12.00-13.00 «Теңге – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің нышаны» тақырыбындағы қонақ лекция. Дәріс беруші: Ищанова Руслана Қуанышқызы, PhD докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі РМУ Орталық филиалы (Астана қ.) директорының орынбасары. Өтетін орны: 1 корпус, Акт залы-213.
17.11.2023ж. сағ.12.00-15.00 Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналған концерттік іс-шара. Өтетін орны: 1 корпус, Акт залы-213.