Психологиялық кеңес беру орталығы

...
Венера Елеу

Психолог

Контакты: -

Номер:

Корпоративная почта: venera_eleeva@aiu.edu.kz

Психологиялық қызмет кабинеті⠀

Астана Халықаралық университетінде   психологиялық қызмет кабинеті жұмыс жасайды. Психологиялық қызмет кабинетінің негізгі мақсаты - студенттерге кәсіби қалыптасуында, студенттік өмір мен өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға   бейімделуінде толыққанды кешенді  психологиялық көмек көрсету. Психологиялық қызмет жеке кеңес жүргізуге және топтық іс-шараларды өткізуге бағытталған. Психологиялық ағарту, кеңес беру,  алдын-алу  мен түзетуге бағытталған  жұмыс кешенді түрде жүргізіліп отыр. Және де кабинетте  әрбір университет студенті кәсіби маманнан  жеке психологиялық көмек алуға мүмкіндігі бар. 

 Психологиялық қызмет кабинетін жүргізуші тәжірибелі практик-психолог, гештальт-кеңесші  Венера Елеу - гештальт терапия бағытында жұмыс жасайды. Психология саласында 7 жылдан астам  жұмыс өтілі болса6 оның ішінде, жеке практикалық тәжірибесі 3 жыл. 

Жеке кеңеске студенттер  төмендегі және де басқа да  тақырыптармен жүгінулеріне  болады:  

✔️реніштер, көңіл-күйдің ұзақ уақыт нашар болуы;⠀⠀

✔️болашақты елестету не  жоспарлау, мақсат қою қиындығы;⠀⠀

✔️мақсаттарды жүзеге асыру қиындығы, прокрастинация;⠀⠀

✔️комплекстер, өзін-өзі қабылдаудағы қиындықтар;

✔️өзін-өзі тану, мүмкіндігі мен қалауын анықтау, кәсіби жолын таңдау;

✔️қорқыныш, жалғыздық, үрей,  өзін-өзі кінәлау және ұят сезімдері;⠀⠀

✔️айналадағылармен және жақындармен қарым-қатынастағы қиындықтар, және  басқа да мүмкін тақырыптар.⠀⠀

  

Психологиялық қызмет кабинеті 2 корпустағы 707 кабинетте орналасқан. 

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 14:00-18:00 аралығы (мереке күндерінен басқа).  ⠀⠀

📌 Студенттер жеке кеңеске сілтеме арқылы өтіп немесе тікелей кабинетке келіп жазыла алады. 



Елеу Венера Алашыбайқызы

Психолог 

venera_eleeva@aiu.edu.kz

2012-2016 І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университеті, педагог-психолог 

2019-2023 Мәскеу гештальт және психодрама институты, гештальт-терапевт