Қазақстан, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 8
Call center +7 (7172) 47-66-77
+7 (771) 929-02-30
WhatsApp +7 (705) 129-42-82
Канцелярия +7 (7172) 24-36-68
info@aiu.edu.kz
Әлеуметтік инновациялық зертхананың мақсаты – әлеуметтік кәсіпкерлік саясатын жүзеге асыру, университетте әлеуметтік кәсіпкерлік экожүйесін дамыту.
Міндеттері:
әлеуметтiк кәсiпкерлiк саласындағы қазiргi заманғы тенденцияларды талдау, бағалау және мониторингiлеу, әлеуметтiк кеңiстiкке интеграциялау мақсатында бiлiм беру қызметтерi мен қызметiн ұдайы жетiлдiру;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік кәсіпкерлерімен өзара әрекеттесу негізінде әлеуметтік кәсіпкерлікті оқытудың заманауи технологияларын енгізу;
«Әлеуметтік кәсіпкерлік» білім беру траекториясын дамыту, студенттер мен педагогикалық ұжымның тұлғалық және әлеуметтік құзыреттіліктерін дамыту;
университет студенттері мен түлектеріне, әлеуметтік кәсіпкерлікті жаңадан бастағандарға кеңес беру;
тәжірибе алмасу және ынтымақтастық мақсатында өзара әрекеттесу үшін әлеуметтік кәсіпкерліктің экожүйесін құру және дамыту;
әлеуметтік кәсіпкерлікті танымал ету, студенттер арасында әлеуметтік кәсіпкер имиджін қалыптастыру;
оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Әлеуметтік инновациялық зертхана «GreenTAL» ЖШС-мен (Астана қ.) бірлесіп құрылған, оның негізінде Халықаралық университеттің Экономика жоғары мектебінің филиалы жұмыс істейді. Жұмыс жоспарына сәйкес, әлеуметтік кәсіпкерлердің қонақтық лекциялары, әлеуметтік кәсіпорындар негізінде көшпелі кездесулер, әлеуметтік жобалар бойынша қолдау және кеңестер, тренингтер мен конкурстар мен гранттық қаржыландыру туралы ақпарат беру өткізіледі.
Жетекші: Окутаева Сәуле Төлегенқызы, PhD, доцент, saulesha_okutaeva@mail.ru, +7 775 2642682