AIU: Педагогикалық институтта «STEM BATL» интеллектуалдық сайысы өтті






2025 жылдың 9 сәуірінде Педагогикалық институттың «Информатика 24-А» ТиПО тобының бастамасымен (топ кураторы – аға оқытушы Жамалова Самал Арыновна) 1-курс студенттері арасында ИФМ (Информатика, Физика, Математика) бағыты бойынша «STEM BATL» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Шараның мақсаты — студенттердің пәндік білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін, ағылшын тілінде жауап беру дағдыларын және командалық жұмысқа деген көзқарастарын дамыту.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды:
- Логикалық сұрақтар («иә/жоқ» форматында);
- Жұмбақтар (ағылшын тілінде оқылып, жауап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілді);
- «Ұяшықтар» (информатика, физика, математика бағыттары бойынша сұрақтар);
- Практикалық кезең (нақты заттармен логикалық тапсырмалар).
Сайысқа 6 команда қатысты:
- “IQ team” (Информатика 24-А)
- “Шабыт stars” (Информатика 24-А)
- “Ойсанақ” (Математика 24-А)
- “Шаринган” (Математика 24-А)
- “Balabol” (Физика 24-А)
- “Эврикс” (Физика 24-А)
Әділқазылар алқасы:
- Абилова П.Н – аға оқытушы
- Мырзаева Л.С – аға оқытушы
- Жамалова С.А – аға оқытушы
- Студенттер: Сатжан Аружан, Кенжебеков Елжан (Информатика 24-А)
- Студенттер: Буланин Артем, Мұхамбетғалы Нұрдәулет (Информатика 22-А)
Сайыс жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, тапқырлықтары мен пәндік білімдерін көрсете білді.
Жеңімпаздар:
- Бас жүлде – команда “Ойсанақ” (Математика 24-А)
- І орын – команда “Шабыт stars” (Информатика 24-А)
- ІІ орын – команда “Эврикс” (Физика 24-А)
- ІІІ орын – команда “IQ team” (Информатика 24-А)
Алғыс хатпен марапатталған командалар:
- “Шаринган” (Математика 24-А)
- “Balabol” (Физика 24-А)
Жеңімпаздар мен үздік командалар арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды. Шара студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту үшін маңызды алаң болды.
Бөлісу:
Фотогалерея




