№85 мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмысы өтті









11 сәуір күні Астаналық халықаралық университеттің Педагогикалық институтында №85 мектептің 10-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесу барысында оқушыларға университет туралы презентация, оның білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктері ұсынылды. Сондай-ақ, олар AIU-дың студенттік өмірі туралы бейнероликті тамашалап, Педагогикалық институтта қандай мамандықтар бойынша білім алуға болатынымен танысты.
Педагогикалық институттың өкілдері оқушыларға университеттің ресми сайтын көрсетіп, қабылдау ережелері, студенттік жобалар мен AIU-да білім алудың артықшылықтары туралы толық ақпарат берді.
Мұндай кездесулер мектеп оқушыларының болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесіп, педагогикалық білім алуға ынталандырады. Келгендері үшін №85 мектеп оқушылары мен ұстаздарына алғысымызды білдіреміз!
Бөлісу:
Фотогалерея





