Болашақ педагогтерге оқушылардың білімін бағалауды үйрететін шеберлік сабағы өтті



6 қарашада Астана халықаралық университеті Педагогикалық институтының Жаратылыстану пәндері кафедрасында «Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Іс-шараға «Биология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері қатысты.
Шеберлік сабағының мақсаты – педагогикалық практикаға дайындалып жүрген болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру және оқушылардың білімін бағалау бойынша тәжірибелік дағдыларын дамыту.
Кездесуде Астана қаласындағы №70 мектеп-гимназиясының педагогі Серікқайша Сағатбекова өз тәжірибесін бөлісті. Ол 10 балдық бағалау шкаласын қолдану және жиынтық бағалау құралдарын әзірлеу, сондай-ақ қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыру жолдары сөз болды.
Тәжірибелік бөлімде студенттер түрлі бағалау құралдарын қолданып, тапсырмалар орындады, бағалау критерийлері мен дескрипторларды әзірледі. Осылайша, биологияны оқыту әдістемесі сабақтарында алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды.
Бөлісу:


