AIU-да Профессор Клинтон Паркердің қонақ дәрісі өтті

6 қарашада Астана халықаралық университетінде Назарбаев Университетінің профессоры Клинтон Паркердің «Әлемдегі ағылшын тілі: акценттер, диалектілер және тілдік ерекшеліктер» тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті. Іс-шара Practical English C2 курсы аясында ағылшын тілінде ұйымдастырылып, «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері қатысты.
– Орталық Азия тілдерін, соның ішінде Тәжікстанда таралған шығыс иран тілдерінің бірі саналатын шуғнан тілін зерттейтін лингвист. Ғалым әртүрлі тілдерді зерттеудегі тәжірибесі арқылы студенттерге олардың ерекшелігін түсіндірді.
Интерактивті дәріс барысында білім алушылар әлемдегі ағылшын тілінің түрлі акценттерімен танысып, олардың дыбыстық және фонологиялық айырмашылықтарын талқылады. Сонымен қатар сөйлеу дыбыстарын дәл сипаттап, өзара салыстыруға мүмкіндік беретін Халықаралық фонетикалық әліпбиді (IPA) қолдану жолдарын үйренді.
Бөлісу:


