AIU Times Higher Education World University Rankings 2027 тізімінде «Reporter» мәртебесіне ие болды.

Биыл Астана халықаралық университеті Times Higher Education World University Rankings 2027 рейтингі тізімінде «Reporter» мәртебесіне ие болды.
Бұл нәтиже – университет қызметін халықаралық талаптарға сай етіп, әлемдік рейтингтегі бағытын нақтылауға үлкен мүмкіндік. Алдағы уақытта AIU зерттеулерді дамытуға, халықаралық басылымдарда ғылыми жарияланымдар санын арттыруға басымдық береді. Сонымен қатар халықаралық ғылыми жобаларға қатысуға, шетелдік университеттермен байланысты нығайтуға және ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге назар аударады.
Times Higher Education World University Rankings жоғары оқу орындарын оқыту әдісі, зерттеу саласы мен сапасы, индустриямен байланыс және халықаралық перспектива бағыттары бойынша бағалайды. 2027 жылғы рейтингке 118 мемлекеттен 2297 университет енді.
AIU-дың «Reporter» мәртебесін алуы әлемдік рейтингтегі орнын бекемдеп, халықаралық академиялық кеңістікке жол ашады. Сондықтан университет ұжымы алдағы уақытта бұдан да үздік нәтижеге жетуді жоспарлап отыр.
Бөлісу:



