AIU студенттері «Спорттық диктант» бүкілресейлік акциясына қатысты


















2026 жылғы 4 қазанда AIU Педагогикалық институтының «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1–4 курс студенттері «Спорттық диктант» бүкілресейлік ағартушылық акциясына қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің шақыруымен Астанадағы Орыс үйінің алаңында өтті.
Студенттерге оқытушылар Т. Д. Абжакова мен Р. М. Утепова жетекшілік етті.
«Спорттық диктант» тікелей эфирде көрсетілді. Акцияны белгілі спорт комментаторы Дмитрий Губерниев пен жоба авторы, Олимпиада чемпионы Мария Киселёва жүргізді. Онлайн-трансляцияға Ресейдің әр өңірі мен жақын шетелдердегі 1500-ге жуық алаң қосылды.
Астанадағы Орыс үйі алаңының құрметті қонақтары – белгілі ресейлік спортшылар. Атап айтсақ:
· Александр Красных – Токио Олимпиадасының 4 × 200 метрге еркін стильде жүзу эстафетасының күміс жүлдегері;
· Гульназ Хатунцева – Токио Олимпиадасының «Мэдисон» велоспорт жарысындағы қола жүлдегер;
· Ольга Денщикова – 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
Қатысушылар әртүрлі спорт, спорт саласындағы жетістіктер, сондай-ақ Олимпиада және Паралимпиада ойындары жайлы 25 сұраққа жауап берді.
Акцияны Ресей Федерациясының спорт министрі, Ресей Олимпиада комитетінің төрағасы Михаил Дегтярёв салтанатты түрде ашты. Ол қатысушыларға құттықтау сөз арнап, диктанттың алғашқы сұрағын оқыды.
Келесі сұрақтарды танымал спортшылар, Ресей өңірлері мен шетелдік жетекшілері оқыды. Астанадағы Орыс үйі алаңының атынан он тоғызыншы сұрақты Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің басшысы Ирек Хайдарұлы Зиннуров қойды.
Диктант аяқталғаннан кейін AIU студенттері белгілі спортшылармен әңгімелесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, автограф алып, естелік суреттерге түсті. Акцияға қатысу жастарға өз білімдерін тексеруге және кәсіби спорттың қыр-сырын тануға мүмкіндік берді.
Бөлісу:
Фотогалерея








