AIU СТУДЕНТТЕРІ «FIDA CONCRETE» ЖШС БИЗНЕС-ҮДЕРІСТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ












29 қыркүйекте AIU Экономика жоғары мектебінің «Маркетинг – 24 БА» тобының студенттері «FIDA Concrete» ЖШС базасында өткен практикалық сабаққа қатысты.
Сабақ «Тауартану» мен «Бағалар және баға белгілеу» пәндері аясында ұйымдастырылып, академиялық білім беруді нақты өндірістік үдерістермен ұштастыруға бағытталды. Кәсіпорында студенттер бетон өнімдерін өндіру технологиясымен, олардың негізгі сипаттамаларымен, сапа талаптарымен танысты. Сонымен қатар өндірістің экономикалық құрамдас бөлігіне ерекше назар аударылды. Білім алушылар нақты мысалдар негізінде өндірістік шығындар мен өнім сапасына қойылатын талаптармен танысты, сондай-ақ баға белгілеу және кәсіпорынның маркетингтік шешімдері жайлы мәселелерді талқылады.
Экономика жоғары мектебінің оқытушылары Қадырoва Гүлжан Әділқызы мен Тұрсымбаева Мадина Жұмажанқызы «FIDA Concrete» ЖШС мамандарымен бірге студенттерге өндірістік үдеріс пен өнім сапасын қамтамасыз етуден бастап, бағаны қалыптастыру мен өнімді нарықта дамытуға дейінгі жолды көзбен көрсетіп, тәжірибелерін арттыруға мүмкіндік берді. Мұндай сабақтар білім алушыларға аудиториядағы білімін нақты өндірістік ортада қолдануға, шынайы бизнес-үдерістерді және кәсіпорындардың болашақ мамандарға қоятын талаптарын тереңірек түсінуге жағдай жасайды.
Іс-шара студенттердің практикалық тәжірибесін дамытуға және білім беру үдерісін кәсіби әрі өндірістік ортамен байланыстыруға ықпал етеді. AIU-дың Экономика жоғары мектебі ұжымы «FIDA Concrete» ЖШС ұжымына, зауыт басшысы Ержан Балташев пен маркетинг қызметінің жетекшісі Камила ханымға студенттерге ұсынған мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді.
Бөлісу:
Фотогалерея






