AIU-да Халықаралық ынтымақтастық департаменті шетелден келген бірінші курс студенттерімен ақпараттық кездесу өткізді


















30 қыркүйекте Астана халықаралықуниверситетінде бірінші курсқа қабылданғаншетелдік студенттермен ақпараттық кездесу өтті. Жиын барысында білім алушыларға ҚазақстанРеспубликасының көші-қон заңнамасындағы бастыталаптар түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – шетелазаматтарының Қазақстан аумағына кіруі мен елде болу тәртібі, көші-қон есебіне тұру, қажеттіқұжаттарды рәсімдеу және олардың мерзімінуақытылы ұзарту жөнінде толық ақпарат беру.
AIU-дың Халықаралық ынтымақтастықдепартаменті өкілдері студенттерге құжаттардыңжарамдылық мерзімін үнемі бақылауда ұстаудың маңызын түсіндірді. Сондай-ақ тұрғылықтымекенжайы немесе көші-қон мәртебесі өзгергенжағдайда университеттің жауапты бөліміне дер кезінде хабарлау ескертілді.
Ақпараттық кездесу сұрақ-жауап форматындажалғасты. Білім алушылар Халықаралықынтымақтастық департаментіне жүгіну тәртібібойынша сұрақтарын қойып, мамандардан нақтыжауап алды.
Бұл жиын бірінші курс студенттеріне көші-қонталаптарын тереңірек түсінуге және әрбір құжатқа жауапкершілікпен қарауға жол нұсқады.Университет өкілдері алдағы уақытта да шетелдікбілім алушыларға пайдалы кеңес беруді жалғастыра бермек.
Бөлісу:
Фотогалерея








