AIU-да ақпараттық қауіпсіздік пен құқықтық жауапкершілік мәселелері талқыланды


















Бүгін Астана халықаралық университетінде«Ақпараттық қауіпсіздік және жауапкершілік» тақырыбында құқықтық сағат өтті. Танымдықкездесудің спикері - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының бас маманыСұлтан Панов.
Іс-шара барысында дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау тәртібі, ақпаратты заңсызтаратқаны үшін жауапкершілік, сондай-ақинтернет-алаяқтықтан сақтану жолдарыталқыланды. Бұдан бөлек, жасанды интеллектініпайдалану кезінде туындайтын құқықтықмәселелер мен цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікталаптары сөз болды.
Кездесудің негізгі мақсаты - қатысушыларғажеке мәліметтерін қорғау, күмәнді интернет-ресурстар мен алаяқтық әрекеттерді анықтау, әлеуметтік желілерде заң талаптарын сақтаужөнінде ақпарат беру.
Іс-шараның соңында білім алушылар маманғаөздерін қызықтырған мәселелері бойыншасұрақтарын қойды. Бастысы жастарға ақпараттық қауіпсіздіктің және цифрлық кеңістікке жауапкершілікпен қараудың маңызы түсіндірілді.
Бөлісу:
Фотогалерея








