AIU ректоры Анар Мырзағалиева GUS-тың Орталық Азия бойынша директоры Мадина Душимовамен кездесті















Астана халықаралық университеті ректоры Анар Мырзағалиева Global University Systems халықаралық білім беру ұйымының Орталық Азия бойынша Мадина Душимовамен кездесті.
Кездесу барысында білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайту және университеттің Global University Systems талаптарына сәйкес оқу үдерісін бағалау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ оқытушылардың кәсібилігін дамыту, студенттерге жаңа академиялық мүмкіндіктер ұсыну және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бастамалары сөз болды.
Ресми сапар аясында халықаралық ұйым өкілі университеттің материалдық-техникалық базасымен, кампусымен және білім беру әдістерімен танысты. Сонымен қатар Астана халықаралық университетіндегі жоғары мектептер және институт декандарымен пікір алмасты. Мұндағы басты мақсат – білім беру бағдарламалары, профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми-зерттеу қызметі және білім алушыларға жасалған жағдайларды жан-жақты талқылау. Осы арқылы студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық мүмкіндіктерді арттыруға басымдық беру.
Бөлісу:
Фотогалерея







