AIU проректоры Қайрат Абдрахманов «Ашық алаң» бағдарламасына сарапшы ретінде қатысты









Астана халықаралық университетінің халықаралық ынтымақтастық және цифрландыру жөніндегі проректоры, PhD Қайрат Абдрахманов «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Ашық алаң» қоғамдық-саяси ток-шоуының «Бейбіт дипломатия мен экономикалық прагматизм» тақырыбына арналған шығарылымына халықаралық қатынастар саласындағы сарапшы ретінде қатысты.
Бағдарлама барысында Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты, әлемдегі геосаяси текетірес күшейген кезеңдегі қазақ дипломатиясының жетістіктері, сондай-ақ бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтау мәселелері талқыланды.
Сарапшылар Қазақстанның өзге мемлекеттермен бітімгерлік бастамалары, өңірлік және жаһандық тұрақтылықты нығайтудағы рөлі жөнінде пікір алмасты. Ел экономикасына шетелдік инвестиция тарту, озық технологияларды енгізу, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және халықаралық серіктестікті дамыту бағытындағы басымдықтар да сөз болды.
Бөлісу:
Фотогалерея




