AIU-да шетелдік ғалым Петр Косинский ғылыми семинар өткізді















2026 жылғы 22 қыркүйекте Астана халықаралық университеті Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің оқытушылар құрамы мен білім алушыларына арнап Польшаның Познань жаратылыстану ғылымдары университетінен шақырылған профессор Петр Косинский ғылыми семинар өткізді.
Семинар барысында профессор өзінің зерттеу қызметінің негізгі бағыттары мен жетістіктерін таныстырып, Польша Республикасындағы ғылыми тәжірибесін бөлісті.
Іс-шарада зерттеулерді жоспарлаудың заманауи тәсілдерін ұйымдастыруға, жобаларды дайындау мен жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар тәжірибе алмасуға, ғылыми идеяларды талқылауға және бірлескен зерттеулер мен академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Бөлісу:
Фотогалерея






