AIU студенттері «Заң және тәртіп» тақырыбындағы телемостқа қатысты





















Бүгін Астана халықаралық университеті студенттері мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында телемост өтті.
«Заң және тәртіп: қазіргі жастардың құқықтық мәдениеті» тақырыбындағы іс-шара Астана қаласы прокуратурасы басқармасы, Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және Астана қаласы Полиция департаменті өкілдерімен бірге ұйымдастырылды.
Кездесуде Астана қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры Абдіқадыр Бейбіт, Астана қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің Сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімшесінің бас маманы Айтбеков Нұрсұлтан, Астана қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Сейтенов Жандос, Астана қаласы Полиция департаменті жанындағы есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар жөніндегі кеңестің хатшысы Сейтқали Мирзада сөз сөйледі.
Телемосттың мақсаты – жастардың құқықтық білімін арттыру, заң алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың салдарын түсіндіріп, әрбір әрекеттің адам өмірі үшін маңызын ұғындыруға бағытталды.
Кездесу барысында спикерлер студенттерге заң талаптарын сақтап, өз құқықтарын қорғаудың және кез келген іске жауапкершілікпен қарау керегін түсіндірді. Мұндай ашық диалог алаңы жастарды өз болашағына жауапкершілікпен қарауға және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын берік ұстануға жол көрсетеді.
Бөлісу:
Фотогалерея








