AIU-да « Халықаралық білімге бастар жол: AIU, INTO Foundation, IDP IELTS» тақырыбында ашық есік күні өтті







































Бүгін Астана халықаралық университетінде INTO Foundation бағдарламасын оқушыларға таныстыруға арналған « Халықаралық білімге бастар жол: AIU, INTO Foundation, IDP IELTS» тақырыбында ашық есік күні өтті. Іс-шараның басты мақсаты – талапкерлерге халықаралық дәрежедегі білімнің маңызын түсіндіріп, университет мүмкіндіктерімен таныстыру.
Іс-шара барысында британдық жоғары оқу орындарының өкілі Айзада Қойгелдиева мен INTO Foundation бағдарламасының координаторы Бексұлтан Яхиден баяндама жасады. Олар мектептен университет форматына көшу мен тілдік және академиялық дағдыларды дамытудың маңызын түсіндірді.
Сонымен қатар, IDP IELTS орталығы мамандары халықаралық емтиханды тапсыруға арналған пайдалы кеңестерін бөлісті. Сарапшы, әрі оқытушы Виктория Седых IELTS емтиханын сәтті тапсырудың жолдары жайлы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара жастардың білімдерін тексеру үшін ұйымдастырылған қызықты ойындармен жалғасты. Алдын ала дайындалған куиз сұрақтарына жауап беріп, тапқырлық танытқан қонақтарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Жиынның ең маңызды сәттерінің бірі – IELTS емтиханын тегін тапсыру сертификатын сыйлау рәсімі. Бұдан бөлек, қонақтар арнайы ұйымдастырылған фуршеттен дәм татып, Астана халықаралық университеті ұсынған естелік сыйлықтарға ие болды. Ең бастысы, INTO Foundation бағдарламасы мен IELTS емтиханы туралы тегін кеңес алды.
Бөлісу:
Фотогалерея















