Астана Халықаралық университетінде орта және жоғары білім беру мамандары бас қосты






























Бүгін Астана Халықаралық университетінде Астана қаласының Білім басқармасының қолдауымен орта және жоғары білім беру мамандарының бас қосуы өтті. «Университет пен мектеп: педагогтің кәсіби дамуының бірыңғай экожүйесі» тақырыбындағы тамыз кеңесіне университет ғалымдары мен Астана қаласының мектеп басшылары, әдістемелік бірлестік жетекшілері және педагогтер қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – орта және жоғары білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайту, университет пен мектептерді педагогтің кәсіби дамуын қамтамасыз ететін біртұтас білім беру экожүйесі ретінде қарастырып, жауапты серіктестік тетіктерін айқындау.
Тамыз кеңесінде Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық институт директоры Ахмадиева Жанна Куанышевна «Заманауи педагогикалық білім беруді дамытудың тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында баяндама оқып, педагогикалық білім беру саласындағы маңызды міндеттерге тоқталды.
Сонымен қатар, жиынға қатысушылар өзара білім беру саласының заманауи тәсілдерін талқылап, болашақ педагогтерді даярлау және жас мамандарға бағыт-бағдар беру мәселелеріне назар аударды.
Кеңес барысында орта және жоғары білім беру мамандары арнайы баяндамаларын оқып, педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамытудың басым бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, құндылыққа бағдарланған білім беруді дамытудың әдістемелік негіздері, педагогтердің біліктілігін арттыру, тәлімгерлік тәжірибені дамыту, сондай-ақ мұғалімдерді ЖИ-ді тиімді пайдалануға даярлау, инженерлік-технологиялық білім беру мен инклюзивті білім беруді жетілдіру тәрізді негізгі бағыттарға басымдық берілді.
Бөлісу:
Фотогалерея












