«Қазақстан және жаңа еуразиялық ландшафт» саяси диалогына шақырамыз

CFive зияткерлік платформасы АҚШ-тың Hudson Institute сараптамалық орталығымен бірлесіп, Қазақстанның қазіргі геосаяси процестердегі рөлін айқындайтын саяси диалог өткізеді.
📅 Күні: 2026 жылғы 21 тамыз
🕒 Уақыты: 15:00
📍 Өтетін орны: CFive офисі, Астана қ., Қазақстан
Спикерлер:
- Кен Мориясу — Хадсон институтының аға ғылыми қызметкері
- Муиз Вахабдин — Женева дипломатия мектебінің сарапшысы
- Жәнібек Арынов — саясаттанушы, Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің Ассистент профессоры
- Абзал Нарымбетов — мұнай-газ саласының сарапшысы
Модератор:
- Искандер Акылбаев — CFive төрағасы
Іс-шараға дипломаттар мен елшілер, Қазақстанның ұлттық компанияларының өкілдері, халықаралық сарапшылар мен саясаткерлер, ғалымдар және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысады.
Кездесу барысында сарапшылар, дипломаттар мен академиктер елдің стратегикалық автономиясын нығайту, сондай-ақ АҚШ және Еуропамен әріптестікті дамыту мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар Қазақстанның еуразиялық кеңістіктегі орны мен ықпалын арттыру бастамалары сөз болады.
Бөлісу:



