«Әділет» партиясының өкілдері AIU студенттерімен кездесті












«Әділет» партиясының сайлауалды науқаны аясында Астана Халықаралық университетінің студенттерімен «Қарапайым тілмен айтқанда біздің құықтарымыз» атты интерактивті сессия өтті. Кездесуді партияның Есіл аудандық филиалының төрағасы Санира Жүсіпова жүргізді.
Іс-шараға Құрылтай депутаттығына кандидаттар Гүлісхан Нахбаева мен Анжелика Парсегова қатысты.
Кездесу барысында студенттерге азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері, заңды мүдделерін қорғау тетіктері және құқықтық көмек алу жолдары қарапайым әрі түсінікті тілмен баяндалды. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауға және қоғам өміріне белсенді араласуына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, күнделікті өмірде кездесетін түрлі құқықтық жағдайлар туралы мәселелер талқыланды.
Бөлісу:
Фотогалерея






