AIU басшылығы сайлауалды штаб жұмысына белсене қатысуда






Астана Халықаралық университетінің Президенті Серік Ирсалиев пен университет ректоры Анар Мырзағалиева «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штаб мүшелігіне еніп, депутаттардың сенімді өкілдері ретінде халыққа сайлауалды бағдарламаларды таныстыруда. Бүгін осы бағытта Астана Халықаралық университетінің ректоры Анар Мырзағалиеваның модераторлығымен «Bank RBK» еңбек ұжымына «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Іс-шараға партияның сайлауалды штаб мүшесі Шахим Насибов қатысып, бағдарламаның негізгі басымдықтарына тоқталды. Кездесу барысында қаржы жүйесін жетілдіру, азаматтардың қаржылық құқықтарын қорғау және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бастамалар талқыланды.
«Әділет» партиясының бағдарламасында банк жүйесінің ашықтығын арттыру, қаржылық қызметтердің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету және азаматтардың шамадан тыс қарызға батуына жол бермеу маңызды міндеттердің бірі саналады. Осы бағытта несие беру талаптарын түсінікті ету, жасырын комиссияларды азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту көзделген. Бұдан бөлек, партия шағын және орта бизнеске берілетін несиелердің тиімділігін арттыруды, отандық кәсіпкерлерге қолжетімді қаржылық құралдар ұсынуды және банк пен клиент арасындағы жауапкершілікті күшейтуді қолдайды. Штаб мүшелері тұрақты әрі әділетті қаржы жүйесі ел экономикасының дамуына және халықтың әл-ауқатының артуына ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылардың ұсыныстары мен сауалдары назарға алынып, партия өкілдері кездесуде көтерілген мәселелердің сайлауалды штабтың жұмысы барысында ескерілетінін жеткізді.
Бөлісу:
Фотогалерея




