AIU өкілдері Қытайда жас ғалымдарды даярлауға арналған Еуразиялық бағдарламаға қатысуда


















Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебі деканының орынбасары, PhD Мира Жорабекқызы Қалдарова және Экономика жоғары мектебінің аға оқытушысы Болат Жанбекұлы Балтабаев 2026 жылғы 15–23 қыркүйек аралығында Қытайда өтіп жатқан «Цифрландыру, экологияландыру, бірлескен трансформация және жоғары сапалы даму» атты жас ғалымдарды даярлауға арналған Еуразиялық бағдарламаға қатысып жатыр. Бұл бастаманы Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты ұйымдастырды.
Бағдарламада Еуразияның 11 елінен цифрлық экономика мен тұрақты даму мәселелерін зерттейтін 41 жас ғалым бас қосты. Олардың қатарында оқытушылар мен талдау орталықтарының өкілдері де бар.
Жоба аясында қытайлық ғалымдардың дәрістері, интерактивті пікірталастар, далалық зерттеулер және тәжірибе алмасу іс-шаралары өткізіледі. Қатысушылар Бейжің қаласына барып, әрі қарай зерттеулер жүргізу үшін арнайы топтарға бөлінеді. Кейін Ханчжоу және Гуйян қалаларына аттанады. Олар мұнда цифрлық экономика, жасыл даму және «ақылды қалалар» құру жобаларымен танысады. Бағдарламаның негізгі бағыттары «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында құрылған.
Жобаға қатысу Астана халықаралық университеті өкілдеріне Қытайдың цифрлық трансформация және экологиялық басқару салаларын зерттеп, еуразиялық әріптестерімен кәсіби байланыс орнатуға және халықаралық академиялық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Фотогалерея








