CFive аналитикалық орталығының Женевадағы халықаралық конференцияға қатысуынан есеп












Ағымдағы жылдың 22 маусымында Астана халықаралық университетіне қарасты CFive аналитикалық орталығының өкілдері Женевабқаласы, Женева қауіпсіздік саясаты орталығының (Geneva Centre for Security Policy) алаңында өткен «Central Asia in Transformation: A New Role for Regional Cooperation and Global Engagement» атты халықаралық сарапшылық конференцияға қатысты. Іс-шараны Bulan Institute және Geneva School of Diplomacy ұйымдастырды. Конференцияға Орталық Азия мемлекеттерінің елшілері, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпус өкілдері, жетекші аналитикалық орталықтар мен академиялық қауымдастықтың өкілдері қатысты.
CFive аналитикалық орталығының президенті С. Шалғымбаев Қазақстандағы саяси өзгерістерге, өңірлік интеграцияның қазіргі үрдістеріне және халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орталық Азияның рөлінің артуына арналған негізгі аналитикалық баяндама жасады. Сөз сөйлеу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан институционалдық реформаларға баға беріліп, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізі ретінде тиімді мемлекеттік басқарудың, заң үстемдігінің және мықты мемлекеттік институттардың маңыздылығы аталды.
Конференцияға қатысудың практикалық нәтижесі Астана халықаралық университеті жанындағы CFive аналитикалық орталығы мен Bulan Institute арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды. Алдағы уақытқа аналитикалық зерттеулер, сарапшылық алмасу, бірлескен жарияланымдар дайындау, халықаралық конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу және білім беру жобаларын жүзеге асыру саласындағы ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту көзделді.
Сонымен қатар Geneva School of Diplomacy басшылығымен келіссөздер жүргізіліп, оның барысында Астана халықаралық университетімен ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Тараптар академиялық және сарапшылық өзара іс-қимылды дамытуға, бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын жүзеге асыруға өзара қызығушылық танытты, сондай-ақ ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын егжей-тегжейлі талқылау үшін қосымша жұмыс кездесуін өткізуге келісті.
CFive аналитикалық орталығының конференцияға қатысуы халықаралық сарапшылар қауымдастығына Орталықтың Қазақстан мен Орталық Азияны дамыту мәселелері бойынша аналитикалық тәсілдерін таныстыруға, жетекші шетелдік зерттеу және білім беру мекемелерімен өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ сарапшылық және академиялық салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған нақты уағдаластыққа қол жеткізу арқылы халықаралық серіктестікті кеңейтуге мүмкіндік берді.
Бөлісу:
Фотогалерея






