Университетте жаңа коворкинг кеңістігі салтанатты түрде ашылды












Ағымдағы жылдың 19 маусымында университетімізде «Movato» компаниясының қаржылық қолдауымен заманауи коворкингтің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Маңызды шараға университет басшылығы, «Movato» компаниясының өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Жаңа коворкингтің ашылуы университет пен «Movato» компаниясы арасындағы заманауи білім беру инфрақұрылымын дамытуға және оқу, бірлескен жұмыс, студенттік бастамалар мен инновациялық жобаларды іске асыруға арналған жайлы ортаны қалыптастыруға бағытталған. Ашылу рәсімі барысында қатысушылар жаңа кеңістіктің мүмкіндіктерімен толықтай танысты.
Университет басшылығы білім беру ортасын дамытудағы бизнес-қоғамдасудың маңыздылығын атап өтсе, «Movato» компаниясының өкілдері жастардың бастамаларын қолдау мен болашақ мамандар буынына инвестиция құюдың өзектілігіне тоқталды. Жаңа коворкингтің ашылуы студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуы үшін қолайлы жағдай жасаудың, сондай-ақ білім мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың кезекті қадамына айналды.
Бөлісу:
Фотогалерея






