«ЖАСЫЛ БАСТАМА: БОЛАШАҚ БИЗНЕСІ» СТУДЕНТТІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ









БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім» инклюзивті
және сапалы білім беруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұрақты даму мен кәсіби қызметке
қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатқа қол жеткізуге үлес
қосқан іс-шаралардың бірі – 2026 жылғы 8 маусымда Жоғары экономика мектебінде өткен
«Жасыл бастама: Болашақ бизнесі» студенттік жобалар байқауы болды.
Байқауды Жасыл экономика мектебінің жетекшілері Лесбаева Г.Т. мен Байбаш Г.К.
ұйымдастырды. Іс-шараға «Экономика», «Менеджмент», «Халықаралық бизнес»,
«Туризм» және «Қаржы» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері қатысты. Оқу
практикасы аясында студенттер командаларға бірігіп, жасыл экономика, тұрақты тұтыну,
экотуризм және жасыл қаржы бағыттары бойынша бизнес-идеялар мен бастамаларды
әзірледі. Қорытынды кезеңде қатысушылар маркетингтік шешімдерді, қаржылық
есептеулерді және жобалардың экологиялық әсерін қамтитын жобаларын қорғады.
Ұсынылған жобалар студенттердің жоғары белсенділігін, теориялық білімдерін
тәжірибеде қолдана алу қабілетін, командада тиімді жұмыс істеу дағдыларын және
экологиялық әрі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған
инновациялық ұсыныстар әзірлеуге дайын екендігін көрсетті.
Байқау болашақ мамандардың кәсіпкерлік және жобалық құзыреттерін дамытуға
ықпал ететін тиімді алаңға айналды. Алынған тәжірибе студенттердің қазіргі заманғы
экономика жағдайында сұранысқа ие кәсіби дағдыларын жетілдіруге және жастар
арасында тұрақты даму мәдениетін нығайтуға мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Фотогалерея





