Ахметов Дамир Мұратұлы докторлық диссертациясын сәтті қорғады






2026 жылғы 8 маусымда Астана халықаралық университеті жанындағы 8D042 – Құқық даярлау бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте Ахметов Дамир Мұратұлының 8D04201 – Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
Диссертациялық зерттеу тақырыбы: «Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарындағы шетелдік инвестициялардың құқықтық режимі».
Диссертациялық жұмыс Астана халықаралық университеті Құқық жоғары мектебінің базасында орындалды және Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеудің өзекті мәселелерін зерттеуге, сондай-ақ қазіргі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруге арналған.
Докторанттың ғылыми консультанттары – Астана халықаралық университеті Жоғары құқық мектебінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты КусаиноваАйман Кудайбергеновна және Варшава университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Яцек Залесны (Польша Республикасы).
Диссертацияны қорғау заң ғылымдарының докторы, профессор Нурмагамбетов Аманжол Магзумовичтіңтөрағалығымен өтті. Диссертациялық кеңестің жұмысына кеңес төрағасының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Ахпанов Арстан Нокешевич және Диссертациялық кеңестің ғалыми хатшысы Ибраев Алишер Серикболович қатысты.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері ретінде Парламентаризм институтының Әлеуметтік жобалар және қоғамдық бастамалар орталығының бас маманы, PhD докторы Жұмабаева Айгерим Бауыржанкызы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты Киздарбекова Антонина Сериковна және Ресей халықтар достығы университеті имени Патриса Лумумбының профессоры, заң ғылымдарының докторы Букалерова Людмила Александровна қатысты.
Диссертациялық зерттеудің ресми рецензенттері заң ғылымдарының кандидаты, профессор Ильясова Гульжазира Актуреевна және заң ғылымдарының докторы, профессор Мороз Светлана Павловна болып, олар ұсынылған жұмыстың ғылыми жаңашылдығына, теориялық маңыздылығына және практикалық құндылығына жоғары баға берді.
Ашық талқылау мен жасырын дауыс беру нәтижелері бойынша Диссертациялық кеңес Ахметов Дамир Мұратұлына 8D04201 – Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бірауыздан шешім қабылдады.
Астана халықаралық университеті Құқық жоғары мектебі Ахметов Дамир Мұратұлын докторлық диссертациясын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтайды және оған ғылыми қызметінде жаңа жетістіктер, кәсіби өсу, тың ғылыми жобаларды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заң ғылымын дамыту жолында толағай табыстар тілейді.
Бөлісу:
Фотогалерея




