Астана халықаралық университетінің студенттері Республикалық олимпиадада ІІІ орын иеленді















2026 жылы Шымкент қаласында, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу
университетінің базасында «В051 – Биология және жаратылыстану ғылымдарының
бакалаврын даярлау» бағыты бойынша ХVІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада
өтті. Аталған додада Астана халықаралық университетінің (AIU) студенттері жоғары
дайындық пен ғылыми-зерттеу дағдыларын көрсетіп, командалық есепте ІІІ орынды иеленді.
Команда құрамы:
Жақсылықова А.С.
Алиева А.Я.
Қабыл У.Н.
Ғылыми жетекшісі: Шарипова Мөлдір Жақыпжанқызы
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: Бұл зияткерлік сайыс — білім алушы
дарынды студенттердің шығармашылық әлеуетін анықтап, қолдау және олардың тұлғалық
интеллектуалдық капиталын қалыптастыруды мақсат етеді. Сонымен қатар жастардың
ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттырып, заманауи ғылыми мәселелерді шешуге
қатысуын ынталандыру көзделген.
Олимпиада барысында қатысушылар теориялық білімдерін саралап қана қоймай,
күрделі практикалық тапсырмаларды орындауда да өздерінің кәсіби біліктіліктерін дәлелдей
білді. Сайыс барысында дарынды студенттерді анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін
дамыту және ғылыми-зерттеу қызметіне тарту сияқты негізгі міндеттер толықтай жүзеге
асырылды.
Жүлдегер студенттеріміз бен олардың жетекшісін осынау үлкен жетістігімен шын
жүректен құттықтаймыз! Зерттеушілік жолдағы еңбектеріңіз жемісті болып, жаңа ғылыми
белестерді бағындыра беріңіздер!
Шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын, атап айтқанда, Сапалы білім беру (ТДМ 4)
және Құрлықтағы экожүйелерді сақтау (ТДМ 15) қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған
маңызды қадам болды.
Бөлісу:
Фотогалерея







