«Ферменттер және олардың маңызы» тақырыбында халықаралық қонақ дәрісі өтті

2026 ж. 18 нау., ср, 12:14

2026 жылғы 16 наурыз күні 6В01503–Химия білім беру бағдарламасының

жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Жумагалиева Ж.Ж. шақыртуымен

«Ферменттер және олардың маңызы» тақырыбында онлайн қонақ дәрісі өткізілді. Іс-шара

316 аудиторияда өтті.

Қонақ дәрісті Грузия техникалық университеті, Ауылшаруашылығы ғылымдары

және химиялық технологиялар факультетінің химия және биология ғылымдарының

докторы, доцент Тамрико Хобелия жүргізді.

Дәріс мазмұны заманауи ғылыми көзқарас тұрғысынан құрылып, ферменттердің

биологиялық жүйелердегі рөлі, олардың молекулалық құрылымы, каталитикалық

белсенділік механизмдері және ферменттік реакциялардың кинетикалық заңдылықтары

жан-жақты талданды. Сонымен қатар, ферменттердің медицинадағы (диагностика және

терапия), тағам өндірісіндегі (технологиялық процестерді оңтайландыру) және

биотехнологиядағы (өндірістік биокатализ) қолданылу аспектілері нақты ғылыми

мысалдармен негізделді.

Іс-шараға Жаратылыстану пәндері кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы,

сондай-ақ 6В01503–Химия және 6В01502–Биология білім беру бағдарламаларының

студенттері белсенді қатысып, талқылау барысында өзекті сұрақтар қойып, ғылыми пікір

алмасты.

Қонақ дәріс қатысушылардың теориялық білімдерін тереңдетіп қана қоймай,

олардың ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын арттыруға, кәсіби

құзыреттіліктерін дамытуға оң ықпал етті.


68