Вальдорф педагогикасы: баланың зорлық-зомбылықсыз кеңістікте үйлесімді дамуы

2025 ж. 27 қыр., сб, 12:00

27 қыркүйекте Астана Халықаралық Университетінің психология

кафедрасының ұйымдастыруымен маңызды вебинар өтті. Психология магистрі,

Дармштадт қаласының (Германия) педагогикалық-психологиялық қызметінің

маманы Aigerim Steinberg «Гармоничное развитие ребёнка в пространстве без

насилия: ценности и практика Вальдорфской педагогики» тақырыбында дәріс

оқыды.

Вебинар Zoom платформасында сағат 13:00-ден 15:33-ке дейін өтті. Спикер

балалардың, жасөспірімдер мен ересектердің құқықтарын қорғау, жыныстық

және психологиялық зорлық-зомбылықтан қорғау саласындағы тәжірибесімен

бөлісіп, Вальдорф педагогикасының құндылықтары мен әдістерін талқылады.

Іс-шараға университеттің оқытушылары мен студенттері белсене қатысып,

өзекті сұрақтарын қойды.


51