Жаңа оқу жабдықтары – сапалы білімге жасалған қадам

2026 ж. 3 нау., сс, 07:31

Астана халықаралық университеті білім беру сапасын арттыру және

студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамыту бағытындағы жұмыстарын жүйелі

түрде жалғастыруда. Университет материалдық-техникалық базасын жаңартып,

робототехника, бағдарламалау, электроника және Заттар интернеті (IoT)

технологиялары бойынша заманауи оқу жабдықтарын сатып алды.

Аталған құрал-жабдықтар оқу үдерісінде кеңінен қолданылып, студенттердің

теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Жаңа ресурстар

арқылы білім алушылар:

 сыни ойлау және инженерлік талдау қабілеттерін дамытады;

 заманауи технологияларды тәжірибе жүзінде меңгереді;

 робототехника мен IoT бағытында жобалар әзірлейді;

 болашақта сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби тұрғыда дайындалады.

Университеттің басты мақсаты – инновациялық білім беру ортасын

қалыптастыру, студенттердің ғылыми-зерттеу және жобалық қызметке белсенді

қатысуына жағдай жасау.

Біз сапалы білім мен заманауи технологияларды біріктіре отырып, бәсекеге

қабілетті мамандарды даярлауды жалғастырамыз.


148