Астана халықаралық университеті білім беру сапасын арттыру және
студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамыту бағытындағы жұмыстарын жүйелі
түрде жалғастыруда. Университет материалдық-техникалық базасын жаңартып,
робототехника, бағдарламалау, электроника және Заттар интернеті (IoT)
технологиялары бойынша заманауи оқу жабдықтарын сатып алды.
Аталған құрал-жабдықтар оқу үдерісінде кеңінен қолданылып, студенттердің
теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Жаңа ресурстар
арқылы білім алушылар:
сыни ойлау және инженерлік талдау қабілеттерін дамытады;
заманауи технологияларды тәжірибе жүзінде меңгереді;
робототехника мен IoT бағытында жобалар әзірлейді;
болашақта сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби тұрғыда дайындалады.
Университеттің басты мақсаты – инновациялық білім беру ортасын
қалыптастыру, студенттердің ғылыми-зерттеу және жобалық қызметке белсенді
қатысуына жағдай жасау.
Біз сапалы білім мен заманауи технологияларды біріктіре отырып, бәсекеге
қабілетті мамандарды даярлауды жалғастырамыз.






