АIU студенті «Үздік жас ғалым» атанды









2025 жылғы 15 желтоқсанда Жаратылыстану ғылымдарының Жоғары мектебінің «Биология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Елшібек Аружан Елшібекқызы «Bilim-orkenieti» ұйымы ұйымдастырған республикалық «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ» байқауына қатысып, I дәрежелі дипломмен және «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ» статуэткасымен марапатталды.
Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Астана қаласында өткен «Адал адам - адал ұрпақ» атты конференция аясында ұйымдастырылды. Аталған конференция жастардың ғылыми ізденісін қолдауға, кәсіби ойлау қабілетін қалыптастыруға және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған.
Елшібек Аружанның ғылыми жетекшісі - Жаратылыстану ғылымдарының Жоғары мектебінің аға оқытушысы Маханова Наргиза Асқарқызы.
Біз студенттеріміздің жетістігін мақтан тұтамыз және алдағы ғылыми жолында сәттілік тілейміз!
Бөлісу:
Фотогалерея




