АIU-да жас мамандарға арналған психологиялық қолдау мастер-классы ұйымдастырылды

2025 ж. 23 қар., жс, 05:02

Университеттің Психологиялық Қызметі ұйымдастырған  «Психологиялық Денсаулық апталығы»  аясында 18 қараша  «Мамандықтың алғашқы қадамдары: сенімділік, жауапкершілік және ресурстар» атты  гештальт-терапевт, «Мәскеу Гештальт және Психодрама институтының» аға тренері, супервизор Л.П.Васильева студенттермен мастер-класс  өткізді.

Шара барысында маман психологиялық тәжірибеде сенімділік қалыптастыру жолдарын, клиентпен жұмыс кезіндегі жеке жауапкершіліктің маңызын және кәсіби өсуге қажет ішкі әрі сыртқы ресурстарды тиімді пайдаланудың тәсілдерін түсіндірді.

Студенттер интерактивті жаттығуларға қатысып, өзін-өзі тану, эмоционалды күйді реттеу, кәсіби шекараларды сақтау және тиімді коммуникация дағдыларын дамытуға арналған практикалық тапсырмаларды орындады. Мастер-класс жылы атмосферада өтіп, студенттер үшін пайдалы тәжірибе алмасу алаңына айналды, кәсіби жолдарын саналы түрде жоспарлауға көмектесетін құнды кеңестер алды.


1021