Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына өтінім қабылдау ашылды

2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне арналған сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Бағдарлама шеңберінде студенттер мен магистранттар Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Бакудегі Баку мемлекеттік университетінде (БМУ) білім алу мүмкіндігіне ие болады.
БМУ рейтингі:
- QS World University Rankings 2026: әлем бойынша – 688-орын, Әзербайжанда – 1-орын
- QS Subject Rankings 2025: «Мұнай-газ инженериясы» – 151–175 орын, «Математика» – 501–600 орын
- Times Higher Education: 1501+
Бағдарлама туралы ақпарат:
- Оқу кезеңі: 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрі
- Оқу орны: Әзербайжан, Баку қаласы
- Оқыту тілі: орыс және ағылшын тілдері
Кімдер өтінім бере алады?
Бакалавриат студенттері:
- СО негізінде 2–3 курс
Магистранттар:
- 1 курс
- Қысқы қабылдау – 2 курс
Қатысу талаптары:
- GPA: 4 балдық көрсеткіш бойынша кемінде 3.3 болуы шарт.
- Тіл
деңгейі: орыс тілі – B2 және жоғары / ағылшын
тілі – B2 және жоғары
(IELTS немесе TOEFL сертификаты құпталады) - Мотивациялық хат: орыс немесе ағылшын тілінде
Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
- 2025 жылғы 20 қазан – 20 қараша
- Сұхбат күні: 2025 жылғы 24 қараша
Өтінім беру тәртібі:
Төмендегі сілтеме арқылы
өтіп, қажетті құжаттарды (мотивациялық хат, IELTS/TOEFL сертификаты, транскрипт
және т.б.) тіркеңіз:
https://forms.gle/Atxxb6DtUa9zuDwj6
Шетелдік үздік университетте білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Жауаптылар - Жоғары оқу орнынынан кейінгі және және академиялық ұтқырлық бөлімі — 221-кабинет.
Бөлісу:



