«Жаратылыстану ғылымдарында жасанды интеллект: қолданудың этикалық және әлеуметтік салдары»

2025 жылғы 2 қазанда Astana International University Жаратылыстану жоғары мектебінде «Жаратылыстану ғылымдарында жасанды интеллект: қолданудың этикалық және әлеуметтік салдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Өтетін орны: 332-аудитория, Жаратылыстану ғылымдар жоғары мектебі,
Қабанбай батыр көшесі, 8
Форматы: офлайн
Мақсаты:
Жаратылыстану ғылымдарына ЖИ енгізуге байланысты этикалық, әлеуметтік және экологиялық сын-қатерлерді талқылау.
Талқыланатын сұрақтар:
- ЖИ ғалымды ғылыми зерттеулерде алмастыра ала ма?
- ЖИ ғылыми адалдық принциптерін бұза ма?
- ЖИ ғылым мен білім саласындағы еңбек нарығына қалай әсер етеді?
- ЖИ-инфрақұрылымының экологиялық салдары қандай?
- Ашық деректер мен құпиялылық: шекарасы қайда?
Модератор: Муратов Р.М. — ЖҒЖМ деканы
Қатысушылар: профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар, студенттер, шақырылған сарапшылар
Қатысу форматы:
- Қысқа баяндама (5 минутқа дейін)
- Ашық пікірталас
- «Сұрақ–жауап» сессиясы
Тіркелу және баяндама тақырыптарын ұсыну мерзімі — 2025 ж. 30 қыркүйекке дейін
Эдвайзер-кураторға немесе ұйымдастырушы Айман Авезовнаға хабарласыңыз.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!
Бөлісу:



