AIU студенттері «Азамат» интеллектуалды бағдарламасына қатысты

2025 ж. 16 қыр., сс, 10:37

Астана Халықаралық университетінің студенттері «Азамат» интеллектуалды бағдарламасына қатысты. Хабар арнасының «Азамат» интеллектуалды бағдарламасының кезекті шығарылымында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Бағдарлама қазылар алқасы құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин және «Qazaq Debate» қозғалысының құрылтайшысы Ерболат Мұхамеджан қатысты.

Интеллектуалды алаңда Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі саналатын аграрлық секторға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілгенімен, әлі де шешуді қажет ететін өзекті мәселелер бар екені айтылды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері мен Астана халықаралық университетінің студенттері ауыл шаруашылығының азық-түлік қауіпсіздігін, ел тұрақтылығы үшін маңызын  және агроинфрақұрылым мәселесіне назар аудару қажет екендігін атап өтті.

Тапсырма барысында Астана халықаралық университетінің студенттері агроинфрақұрылым мәселесіне назар аударды. Олардың айтуынша, еліміздегі көкөніс қоймаларының 60%-ында тоңазытқыш қондырғылары жоқ, ал 30%-ы 20 жылдан бері пайдаланылады. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің 35–40%-ы ысырап болуда. Бұл проблеманы шешу үшін олар трансшекаралық және аймақтық қоймалар жүйесін құруды, логистиканы цифрландыруды – смарт-логистика, блокчейн арқылы автоматтандыру және онлайн-платформаларды енгізуді ұсынған еді.


607