Заң жоғары мектебі


Заң жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстан Республикасы заңгерлерінің жаңа буынын қуанышпен қарсы алады! Заң ғылымдары – бұл болашақтың стратегиялық үлгілерін әзірлеу, тәуекелдерді еңсеру және қазіргі жаһандық әлемнің сын-қатерлеріне жауап беру қажеттілігіне байланысты рөлі үнемі артып келе жатқан мемлекеттік міндеттерді шешудің қуатты факторы. Құқық жоғары мектебінің негізгі міндеті – студенттерге сапалы білім беру, түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Бұған студенттің болашақ кәсіби қызметіне және оны жұмысқа орналастыруға бағытталған тәжірибеге сүйеніп оқытудың инновациялық үлгісі ықпал етеді. Осы мақсатта ЗЖМ базасында тұрақты түрде тәжірибе мен ғылыми ізденістер базасы ретінде жаңа оқу зертханалары құрылуда, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуы, оның ғылыммен айналысуы үшін тамаша жағдайлар қалыптастырылған. Мұнда сіз іргелі білім мен өзіндік жұмыс дағдыларын ала аласыз. Дарынды жастарды көтермелеу мақсатында стипендиялық бағдарламалар, гранттар және қолдаудың басқа да нысандары бізде бар. Сондықтан бұл сіздің қолыңызда: сіздің оқуға деген ұмтылысыңыз бен өзіңізді көрсетуге деген тартылысыңыздан оқу кезінде алынатын көптеген нәрселер байланысты. Біз сіздерден оқу кезінде кәсіби заңгердің қалыптасуына қажетті ең жақсы қасиеттерді – заң мамандығына деген сүйіспеншілікті, таңдаған мамандыққа деген адалдықты, еңбексүйгіштікті, адамгершілікті, жаңа білімге деген тұрақты ұмтылысты, академиялық университеттің дәстүрлерін және қазіргі кезеңдегі жоғары білім құндылығын терең құрметтеуді көрсетесіздер деп үміттенеміз.