🌟 ВШЕН студенттері STEM саласындағы әйелдерге арналған көшбасшылық бағдарламасында 🌟

2024 ж. 20 жел., жм, 06:25

Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан келген 12 студентке 2024 жылдың 11–12 желтоқсанында OzgeEpic креативті хабында ПРООН ұйымдастырған STEM саласындағы қыздарға арналған көшбасшылық бағдарламасы аясында негізгі дағдыларды дамыту және кәсіби байланыстар орнату мүмкіндігі берілді. Біздің университетті 3 курс студенті Гаухар Алшын («Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасы), 1 курс студенті Ақназар Айкүміс («Биология»), және 1 курс студенті Диляра Шыңғысхан («Рекреациялық география және туризм») таныстырды.
🎯 Бағдарлама студенттерге не берді?
1️⃣ Көшбасшылық дағдылары мен сенімділік – тәжірибелі көшбасшылар Асель Жанасова («Қазпошта» АҚ) мен Айгерім Құсайынқызы (Мемлекеттік басқару академиясы) өткізген семинарлар мен дәрістер арқылы қатысушылар өз идеяларын қорғауды және тиімді қарым-қатынас жасауды үйренді.
2️⃣ Практика мен тағылымдама (Job Shadowing) – қатысушылар STEM саласындағы жетекші әйелдердің жұмысын бақылау мүмкіндігін алып, кәсіптер мен болашақ мүмкіндіктер туралы түсініктерін кеңейтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде әйел-депутаттармен танысты.
3️⃣ Нетворкинг және менторлардан қолдау – парламентшілер мен сарапшылармен кездесулер жаңа көкжиектер ашып, құнды кәсіби байланыстар орнатуға көмектесті.

Іс-шараның ерекше қонағы Хелен Кларк болды – Тау-кен өндіру саласының ашықтығы бастамасы ұйымының басқарма төрайымы, Жаңа Зеландияның бұрынғы премьер-министрі (1999–2008 жж.) және ПРООН әкімшісі (2009–2017 жж.). Хелен Кларк бағдарлама қатысушыларымен және Қазақстандағы ПРООН қызметкерлерімен кездесіп, өз тәжірибесімен бөлісті және Q&A сессиясында сұрақтарға жауап берді. 💡

🌟 Резюме жазу, сұхбатқа дайындалу және жеке бренд қалыптастыру бойынша алған білімдер табысты мансапқа апаратын маңызды қадам болады деп сенеміз. Әйел көшбасшылармен қарым-қатынас тәжірибесі қыздарды стереотиптерді еңсеруге және STEM-де гендерлік теңдікті ілгерілетуге шабыттандырады.

Бұл іс-шара жас таланттарды дамытуға және Қазақстанның болашақ көшбасшыларын дайындауға үлкен үлес қосты! 🎓💼

#WomenInSTEM #Көшбасшылық #КәсібиДаму #GenderEquality #STEM #AIU

UNDP Kazakhstan-ға осындай керемет іс-шара ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз!!


45