2-6 желтоқсан
аралығында AIU-да тұрақты даму мақсатының қағидаттарын іске асыруға арналған
география апталығығы өткен болатын. Іс-шара студенттердің география
саласындағы кәсіби білімі мен дағдыларын дамытуға, тұрақты дамудың жаһандық сын-қатерлері туралы білімдерін
арттыруға, топтық өзара әрекеттестікті нығайтуға, сонымен қатар әлеуметтік
жауапкершілік пен салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыруға
бағытталған.
●
ТДМ 4: Сапалы білім
Студенттер спутниктік картаны
пайдалана отырып квестке қатысты, семинар-тренингке және де "Зияткерлік
дода" интелектуалды ойынына қатысты. Бұл іс-шаралар білім деңгейін
арттыруға, практикалық дағдыларды дамытуға және география саласындағы білімді
кеңейтуге ықпал етті.
●
ТДМ 3: Жақсы денсаулық
пен әл-ауқат
Апта аясында салауатты өмір салты
бойынша семинар-тренинг өтті, сондай-ақ студенттер арасында шағын футбол
бойынша турнир ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар студенттерді белсенді және
салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыра отырып, денсаулық пен әл-ауқаттың
маңыздылығына назар аударды.
●
ТДМ 10: Теңсіздікті
азайту
Ұйымдастырылған жәрмеңкеден түскен
қаржыны студенттер, қарттар үйіне тапсырды. Бұл іс-шара әлеуметтік және
экономикалық теңсіздікті төмендетуге ықпал ете отырып, халықтың осал топтарын
қолдауға қосқан үлесін көрсетті.
●
ТДМ 11: Тұрақты қалалар
мен елді мекендер
Спутниктік картаны пайдаланып квест
жүргізу карографиялау, бағыт-бағдарларды зерттеу және аумақтарды тұрақты
жоспарлау дағдыларын дамытты, бұл да осы мақсаттың міндеттеріне жауап береді.
География
апталығының іс-шаралары білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және
тұрақты дамуды қамтитын пәнаралық тәсілдің мысалы болды. Студенттердің осындай
бастамаларға қатысуы олардың жан-жақты дамуына және тұрақты даму мақсаттарына
қол жеткізудегі рөлін түсінуге ықпал етеді.