2024 жылдың 13 қарашасында Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық манежінде “ҚАЖЫМҰҚАН ЖОЛЫ - STUDENT CUP” спорттық турнирі өтті. Бұл шараға әр университеттен екі өкілден қатысып, жалпы саны 32 спортшы өзара бақ сынасты. Турнир қазақ дәстүріне сай бес күштік сайыс түрін қамтыды:
- Қап көтеру: 50 кг салмақтағы қаптарды 2 минут ішінде көтеру.
- Тізбекті статикалық ұстау: салмағы 24 кг тізбек.
- Болатты ию: диаметрі 14 мм, ұзындығы 60 см болатты уақытқа ию.
- Қапты планкадан асыру: 80 кг салмақтағы қапты лақтыру.
- Арқан тарту.
AIU студенттері, «6В01504 — География» мамандығының білім алушысы Мейрим Бахтияр мен Төлепбай Асылбек университетімізді абыроймен танытып, турнир қатысушылары арасында 2-орынға ие болды.
Чемпиондарымызды құттықтаймыз! Олардың табандылығы мен күш-жігері лайықты нәтижеге жеткізді. «ҚАЖЫМҰҚАН ЖОЛЫ - STUDENT CUP» турниріндегі жеңіс — жаңа жетістіктерге талпыныстың бастамасы. Алдағы уақытта да тек жеңістер тілейміз!
394