2024 жылғы 20
қыркүйекте Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
мен «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» РМК бірлесіп
«Экологиялық мәдениет және халықаралық міндеттемелер: Қазақстандағы мәселелер
мен даму жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Экология және табиғи
ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев пен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі
басшысының орынбасары Юрий Фенопетов құттықтау сөз сөйледі.
Жаратылыстану
ғылымдары жоғары мектебінің деканы Сейітқан Айнұр Сейітқанқызы «Қоғамның
экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы университеттердің рөлі» тақырыбында
баяндама жасады. Сондай-ақ, іс-шараға Министрліктің Экологиялық саясат
департаментінің, оқу орындарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері
қатысты. Қатысушылар қоғамның экологиялық мәдениетін дамыту және экологиялық
мәселелер бойынша ақпараттандыруды арттыру, қалдықтарды тиімді басқаруда және
тұрақты дамуға қол жеткізуде ҮЕҰ рөлі, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық
міндеттемелер аясындағы экологиялық саясатын талқылады.