2024 жылғы 10
қыркүйекте Астана Халықаралық Университетінде (AIU) атом электр станциясын
(АЭС) салу мәселелері бойынша талқылау кездесуі өтті. Іс-шараға экология және
энергетика саласындағы мамандар ғана емес, сондай-ақ жобаның экономикалық
пайдасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізізетін халықтық штаб мүшелері
де қатысты.
Бұл кездесуге
педагогикалық институттың оқытушылары да қатысып, әлеуметтік тұрғыдан АЭС-тің
пайдасы мен зиянын кеңінен білуге мүмкіндік берді. Халық штабының мүшелері АЭС
құрылысының экономикалық артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,
атом энергетикасы өңірдің қазбалы отынға тәуелділігін төмендетіп және жаңа
жұмыс орындарын құра отырып, ұзақ жылдар бойы тұрақты энергиямен жабдықтауды
қамтамасыз ете алатынын атап өтті. Сарапшылар сондай-ақ, Қазақстан уранды ірі
жеткізушілердің бірі ретінде, бұл ресурсты өзінің энергетикалық инфрақұрылымын
дамыту үшін пайдалана алатынына назар аударды.
Талқылау
нәтижесінде қатысушылар АЭС құрылысы Қазақстан үшін кең мүмкіндіктер ашады,
бірақ экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан
мұқият талдау мен жауапкершілікті талап етеді деген қорытындыға келді.