Astana International University президенті Назарбаев университетінің Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің басшылығымен кездесті

2024 ж. 10 мау., дс, 04:03

Astana International University-де AIU президенті С.А.Ирсалиевтің Назарбаев Университетінің (НУ) Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің деканы Е.Архангельскиймен және деканның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ш. кездесуі өтті.


Нәтижелі әңгіме барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін талқылап, бірқатар негізгі бағыттар бойынша бірлескен жұмыс жоспарларын белгіледі.

Тараптар екі университеттің оқытушылары, студенттері мен ғылыми қызметкерлері арасында білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ететін университетаралық конференциялар, семинарлар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысуға келісті.

Кездесу барысында екі университет қатыса алатын нақты ғылыми жобалар талқыланды. Бұл қазіргі ғылыми-техникалық мәселелерді шешудегі күш-жігерді біріктіруге, сондай-ақ, пәнаралық көзқарас пен заманауи әдістер мен технологияларды қолдану арқылы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

AIU басшылығы мен НУ Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің қонақтары бұл ынтымақтастық Қазақстанның екі жетекші жас университеттерінің академиялық және ғылыми қауымдастығын біріктіру жолындағы маңызды қадам болатынына сенім білдірді. Жоспарларды жүзеге асыру білім және ғылым жетістіктерінің деңгейін арттырып қана қоймай, өңірдегі инновациялық экожүйені одан әрі дамыту үшін берік негіз жасайды.


706